22 мая, 2025
Жаңа жылдық мерекелерде  полиция қызметкерлері 25 мас жүргізушіні ұстады

Жаңа жылдық мерекелерде  полиция қызметкерлері 25 мас жүргізушіні ұстады

Олардың барлығы қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жаңа жылдық мерекелерде полиция департаментінің тәртіп сақшылары күшейтілген нұсқада қызмет атқарғанын айта кетейік.

Осы кезеңде ереже бұзған бір жарым мыңға жуық жүргізуші тіркелген. Оның алтауы  көлік жүргізу құқығынан айырылғандар болып шықты.

Ведомство өткен 2023 жылы мас жүргізушілердің кінәсінен 16 жол көлік оқиғаларының болғанын растады. Онда төрт адам қаза тауып, 30 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Полиция департаментінің өкілдері  жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.