«Зерделі» ақыл-ой дамыту» мектебінің ұйымдастыруымен өткізілген аудандық-қалалық кезеңіне білім беру ұйымдарынан 886 бастауыш сынып мұғалім қатысып, 74-і облыстық кезеңге жолдама алған еді.
Олимпиаданың облыстық кезеңі қатысқан бастауыш сынып мұғалімдерінің 54 %-ы жүлделі орындар алып, грамоталармен марапатталды.
Арқалық қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінен қатысқан Көркем Нұрмашқызы Кәрімова білім жарысынан ең жоғары нәти көрсетіп, 91 балл жинады.
Сонымен қатар, Сарыкөл ауданы Маяк негізгі орта мектебінен Елена Супрун (80 балл), Қостанай қаласы №1 мектеп-лицейінен Ирина Солодкая (71 балл), Қостанайдағы М.Горький гимназиясынан Ирина Белицкая (76 балл), Қарасу жалпы білім беретін мектебінен Надежда Яковенко (73 балл), Федоров ауданы М.Мәметова атындағы жалпы блім беретін мектебінен Екатерина Кривонос (70 балл), Қостанай қаласы №13 негізгі орта мектебінен Диана Чечина (69 балл), Қостанай ауданы Заречный жалпы білім беретін мектебінен Жеңіскүл Жарқымбаевалар (68 балл) бірінші орынға ие болып, «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының республикалық кезеңіне жолдама алды.
Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.