Жауапкершілік елінің тағдырына бейжай қарамайтын әрбір қазақстандықтың міндеті

Жауапкершілік елінің тағдырына бейжай қарамайтын әрбір қазақстандықтың міндеті

Жаңа жылдың бірінші жұмыс аптасының таңын Мемлекет басшысының диалогқа шақыруы деп атар едім. “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасына сәйкес Президент міндетті түрде қоғамдық пікірді ескере отырып, сындарлы өзара іс-қимылдың келісу тетігін жоспарлы түрде іске асыруда.

Әрбір қазақстандық Сұқбат барысында ел тағдырына нақты қатысу үшін өзінің күш-жігер жұмсау нүктесін тапқанына сенімдімін.

2024 жылға арналған саяси күн тәртібін егжей-тегжейлі ұсыну азаматтық қоғам институттарына атқарушы және өкілді билік органдарымен өзара іс – қимыл стратегиясын жоспарлауға, сарапшыларға сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық талдауы мен болжамына белсенді қатысуға, бизнес қоғамдастыққа инвестициялар тарту және ірі өнеркәсіптік жобаларды іске асыру үшін инфрақұрылым дайындауға, жастарға жаңа бюджет және салық заңнамасын қамтамасыз ету жағдайында ауқымды жобаларға қатысу үшін “дағдылар” қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Барлығының негізінде: адами капитал–жауапты азамат тұр. Елінің тағдырына бейжай қарамайтын әрбір қазақстандықтың міндеті– барлық салада: ғылым, әлеуметтік сала, өндіріс, мемлекеттік қызмет, сыртқы немесе ішкі саясат ел тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алу.

Президент басымдықтарды нақты белгіледі: біздің қоғамда еңбек пен өнімді шығармашылық культінің тамыр алуы, білім мен сыни ойлаудың күші салтанат құруы, прагматизм принципі мен өмірге шынайы көзқарас басым болуы тиіс.

Бибігүл Аққожина,

КР Парламент Сенатының депутаты.

Жаңалықтармен бөлісу