Құрметті қостанайлықтар!

Құрметті қостанайлықтар!

Баршаңызды келе жатқан 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!Жаңа жылды қарсы алу – өткенді қорытындылап, болашаққа үміт арту, алға мақсат қойып, жоспар құрудан басталады. Бұл – әрбір адам ерекше көңіл-күймен қарсы алатын айрықша әсерлі сәт. Әрбіріңізге мақсаттарыңызға қол жеткізіп, армандарыңыздың орындалуын тілеймін!

Өткен жылы елімізде, облысымызда жетістіктер мен айрықша жаңалықтар көп болды, осы үшін әрқайсыңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Елімізді өркендету жолында алдағы жылы да ауқымды жобаларды жүзеге асырып, биік белестерді бағындырарымызға сенімім зор.

Мемлекет басшысы атап өткендей, “біздің басты міндетіміз – Әділетті Қазақстанды құру”.

2023 жылы бірқатар ірі өңірлік жобалар іске асырыла бастады. Облыс экономикасына құйылған жеке инвестиция көлемі артты. Өңірлік проблемаларды одан әрі шешу және ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру үшін “облыстың аудан орталықтарын дамыту жоспарлары” дайындалуда, онда ауылды дамытудың негізгі перспективалары көрсетілетін болады. Тиісті стандарттар әзірленді. Біздің міндетіміз – ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларын қала тұрғындарына барынша жақындату.

 

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтай отырып, Отанымызды өркендету жолындағы ерен еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді.

Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, істеріңізге сәттілік тілеймін!

2024 жыл жағымды жаңалықтарға толы болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!

 

Құмар Ақсақалов,

Қостанай облысының әкімі.

Жаңалықтармен бөлісу