Қостанайда облыстық маңызы бар жолдар жабылды

Қостанайда облыстық маңызы бар жолдар жабылды

Ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, қар, қатты жел, көрінудің шектелуі ) жүк және қоғамдық көлік үшін сағат 11:00-ден бастап Р-36 «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» 8-232 Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін жол жабылады.Сондай-ақ, ауа-райының нашарлауына (боран, қар) байланысты 2023 жылғы “29” желтоқсан сағат 10:45-тен бастап Қостанай облысының облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысын жабу туралы шешім қабылданды.

1) Қостанай-Введенка – 8-97 км;
2) Қарасу – Б. Чураковка-0-114 км;
3) Рудный-қашары-Федоровка-0-82, 7 км;
4) Қойбағор-Қарасу-Севастополь 0-124 км;

Жергілікті билік тұрғындардан аса қажет болмаса, елді мекендерден шықпауды сұрайды.

Жаңалықтармен бөлісу