“Ақбөкен” жедел алдын-алу шарасы шеңберінде ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Екатеринбург-Алматы” республикалық автожолындағы Қостанай қаласынан шыға берісте, Toyota Alphard маркалы автокөлікті тоқтатқан.
Жүксалғыштан үш жол сөмкесі табылды.Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.
“Ол сөмкелерден ақбөкеннің 916 мүйізі мен 7,5 миллион теңге сомасында қаражат болды. Болжам бойынша, құқық бұзушы мемлекетке шамамен 2 миллиард теңге шығын келтірген, – дейді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.
Осы дерек бойынша полиция ҚР ҚК 339-бабының 3-бөлігіне сәйкес “Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына заңсыз қарау” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар кешені тағайындалды.