Ақтүтек бораннан кейін облыста қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін облыстың автожолдарында 24 адам құтқарылды, 35 адам эвакуацияланды, жылыту пункттеріне 317 адам орналастырылды. Науырзым, Ұзынкөл, Меңдіқара, Қарасу, Арқалық, Қостанай мектептерінің 0-ден 11-сыныпқа дейінгі 1 ауысым оқушылары қашықтықтан оқытуға ауыстырылды. Қостанай және Рудный қалаларында электр қуаты қалпына келтірілді.
Қостанай ауданы Қостомар ауылында адасып қаоған шопанға көмек көрсетіліп, эвакуацияланды. Сол ауылдан 25 км қашықтықтағы вагон ішінен табылған.
Ал Ұзынкөл ауданда жоғалған екі балықшы Сарыкөл жерінен табылды.