Осы уақыт ішінде мұрағатшылардың бірнеше буынының күш-жігерінің арқасында облыстың қалыптасуы мен даму тарихын зерттеуге мүмкіндік беретін ақпараттық әлеует құрылды.Кәсіп иелері осы бір датаны салтанатты түрде атап өтті.
“Мұрағат қызметі жүріп өткен жол оңай болған жоқ. Үздік кәсіби дәстүрлерді ұстанудың арқасында 100 жыл ішінде өңірдің қалыптасуы туралы баяндайтын, бай мәдени, рухани мұраға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірегей деректі дереккөздер қоры қалыптасты, – деді Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметшілер мен мұрағаттар басқармасының басшысы Азамат Қашиев.
Осы саланың үздік мамандарын облыс, Республиканың алғыс хаттары мен құрмет грамоталарымен марапатталды.
Осы архив саласы ардагерлерінің, қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында облыс тұрғындарының зор еңбегінің арқасында өткенмен байланыс, бүгінгі зерттеуді талап етеді.
Салтанатты іс-шарада ғылыми айналымға енгелі тұрған “аштық: Қостанай өңірі тарихының беттері” жинағы таныстырылды. Жиынға шақырылған қонақтардың әрқайсысы тарихи тақырыпта жаңа жинақтар мен зерттеулер жасауға қатысқаны айтылды. Ондағы сирек кездесетін құжаттар мен жинақталған мәліметер бұрын-соңды кең ауқымда қол жетімді болмаған еді.
“Қостанай облысында бірнеше жыл бойы саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істегенін білесіз. Архив қызметкерлері осы тақырып бойынша құжаттар тізбесін құра отырып, комиссия жинақтарымен жұмыс істеуге қатысты, – деп таныстырды облыстық Архивтер, құжаттама және кітап омитетінің мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы Салтанат Тасжанова.
Келушілердің назарына осы секілді көне құжаттар мен көшірмелердің керуен көрмесін ұсынды. Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Әсел ҚИБАШ