Қостанай тұрғыны жұбайын қылмыстық жауапкершілікке тартты

Қостанай тұрғыны жұбайын қылмыстық жауапкершілікке тартты

Осыдан шамамен 8 жыл бұрын жұбайы оған үйдің жартысын 2,5 миллион теңгеге сатып, содан кейін оған қолхатпен берген. Ақшаны имеденіп алып, әйелінің атына құжаттарды рәсімдеу туралы міндеттемені орындамаған. Кейінірек ол қылмыс жасап, бас бостандығынан айыру орындарында болды.
Бұл ретте ол ҚР Жоғарғы Сотында шешімдерге шағымданғанға дейін соттардың барлық инстанцияларына жүгінген. Осылайша, жәбірленуші  аяқсыз қалып кеткен бұл жайды алаяқтыққа балап, “Аmanat” партиясының алаңында облыстық полиция департаментінің бастығы,  полиция генерал-майоры Ерлан Файзуллинге жүгінді.
“Алаяқтық дегеніміз алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы біреудің мүлкін ұрлау, ал сіздің жағдайда жұбайыңыз міндеттеме шарттарын орындамаған. Оның іс – әрекетінде біз алаяқтық белгілерін көрмейміз, әсіресе, сіздің қолыңызда Жоғарғы соттың шешімі бар”, – деп түсіндірді тұрғынға Ерлан Файзуллин.

Жаңалықтармен бөлісу