Облыста қызылша дерті ушығып жатыр

Облыста қызылша дерті ушығып жатыр

Биыл қызылшамен сырқаттанушылардың өсуі байқалады. Жыл басынан бері 181 жағдай тіркелді.
Олардың дені облыс орталығында (120 жағдай). 
Ауру көбінесе вакциналанбаған адамдар арасында жиі кездесіп отыр (95 жағдай) делінген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметінде.

Оның  31 жағдайы егу жасына жетпеуі себепті иммундалмаған. Алайда вакциналанған 40 адам осы ауруды өздеріне жұқтырып алған.

Қызылшамен ауратындардың көбі 14 жасқа дейін балалар екені анықталды (110 жағдай). Бір қуанарлығы, 168 адам осы дерттен биыл айыққан. Осы ауруға қарсы екпе алғандардың саны бүгінде жеті мыңнан асып жығылады.

А.Әбділда

Жаңалықтармен бөлісу