Ақпараттық технологиялар саласындағы әлемнің үздік оқушыларын біріктірген халықаралық компьютерлік жобалар байқауында робототехника, компьютерлік бағдарламалау, компьютерлік өнер, қолданбалы ғылым жобалары, қысқаметражды фильм және қолданбалы математика жобалары сынға түсті. Қостанайдағы NIS үш оқушылары Infomatrix-Asia халықаралық байқауына екі ғылыми жобасын ұсынды.
“Байқау тек кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталмаған. Әртүрлі елдерден оқушылар мен мұғалімдерді тарту арқылы мәдениетаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамытады. Оқушыларымыз компьютерлік бағдарламалау категориясына қатысып, ұсынылған екі жобаның нәтижесінде мектеп қоржынына үш күміс медаль әкелді”, – дейді информатика пәнінің мұғалімі Александр Шерцер.
Білікті ұстаздың ғылыми жетекшілігіндегі Ділназ Бектенбергенова мен Елдана Батырханова «SAYA» мобильді қосымшасы» атты бірлескен жобасымен екінші орынды иеленді.
Ерболат Сембаевтың 3D ойынына құрылған жобасы екінші орынды иеленді. “Conludus” деп аталатын ойын тапсырмалар мен жасанды интеллект консультациялары арқылы квест түрінде ойнатылып, информатика мен физиканы тиімді оқуға мүмкіндік береді. Ерболатқа информатика мұғалімі Борис Зеленов жетекшілік етті.