Бұл туралы облыстық мәслихаттың депутаты Қырмызы Жаңбыршина әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Бюджетті талқылау мәселесі кімді болса да бейжай қалдырмаса керек. Облыстық маслихаттың комиссия отырысында депутаттар өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салды. Қызу талқылауда бірнеше сұрақтарды көтердім”, – дейді Қырмызы Жаңбыршина.
Солардың бірі былтыр ақша бөлініп, мердігерлердің жауапсыздығынан істелінбей қалған Ахмет Байтұрсынұлының ауылына баратын жолға қаражат тағы бөлінетін болды. Жаңадан мердігер таңдауға конкурс жарияланбақ.