Бұл туралы @qazradio.fm инстаграм парақшасында хабарлады.
Хабарламада кеше Мұратқа қатысты тағы да бөлек архивтік құжаттарға қол жеткізгендігі туралы айтылған. Сонымен қатар Арқалықта жүрген Мұрат сол құжаттардың көшірмесін алған көрінеді.
— Бұған дейінгі архивтік құжаттарда келіншек Аққұмнан деп шықса, кеше ол ақпарат Ақкөл ауылына қарай ауысты. Назар аударыңыздар, әсіресе Арқалық, Ақкөл, Аққұм, Торғай, Ахмет Байтұрсынов ауылының халқы! Сіздерге үлкен өтініш айтқалы отырмыз. Егер білетін мәліметтеріңіз болса, редактор Әсел Асқарқызына құпия түрде жазуға болады: +77075355383, — делінген хабарламада.