Бүгін Қостанайдағы Рабочая көшесі 147 мекенжайында газ-ауа қоспасының жарылды. Нәтижесінде сауда алаңындағы тандыр құрылымдары жанып кетті. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпып, сағат 19:16 оқшауланды. Араға жарты сағат салып толық сөндірілді. Өрт барысында сыйымдылығы 50 литр болатын 6 газ баллоны эвакуацияланды. ТЖД бөлімшелері келгенге дейін сатушының көмекшісі С.Құрбанов (дененің термиялық күйіктері 70-75%, ауыр дәрежедегі жай-күйі) ауруханаға жатқызылды. Өрттің мән-жайы туралы облыс төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қайрат Қасым былайша баяндайды.
“Оқиғаға екі Өзбекстан азаматы себепкер болған. Ер мен әйел сол аумақта тандыр жаппақшы болып газ баллондарын пайдаланған. Салқын жерге сақтамақ болған алты баллонның екеуі берген. Салдарынан бір сәтте екі бірдей жарылыс орын алып отыр”, – дейді Қайрат Қасым.