Қостанай тұрғындары билік өкілдеріне көкейдегі сауалдарын қойды

Қостанай тұрғындары билік өкілдеріне көкейдегі сауалдарын қойды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов бастап, құзіретті орган басшылары азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін өткізді. Билік өкілдеріне жүгінген жұртшылықтың сауалы сан түрлі. Облыс әкімінің баспасөз хатшысының айтуы бойынша, тұрғындардың көбі коммуналдық қызмет, тұрғын үй, мемлекеттік қызмет тұрғысындағы сұрақтарына жауап алуда.

“Мұндай іс-шара тоқсан сайын өтіп тұралы. Бұл жоба халық пен билікті жақындастыруға мүмкіндік ашады. Қабылдау уақыты басталғалы Жастар сарайына тұрғындар көп жиналып, кезегімен тиісті сала мамандарынан жауап алу үстінде”, — дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Жұматай Кәкімжанов.

Бұл іс-шарада барлық басқарманың, бүкіл органның басшылары азаматтардың мәселелерін тыңдап, алдағы уақытта күллі түйткілдің шешімін табу үшін күш салуға уәде берді.

Жандос ЖҮСІПБЕК

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу