Кеншілер шаһарында үздік спортшылар марапатталды

Кеншілер шаһарында үздік спортшылар марапатталды

Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында спорт саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Жыл сайын бірқатар халықаралық және республикалық спорттық іс-шаралар өткізіледі. Рудный қаласының әкімдігі 2023 жылдың қорытындысы бойынша осындай үздік 189 спортшыны марапаттады.

Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенконың айтуынша, қалада 41 спорт ғимараты бар, олардың басым көпшілігі жеке, ал коммуналдық меншікте тек екі спорт залы бар. Әкім бұл мәселенің қалай шешілетінін айтты.

“Желтоқсан айының соңында әрқайсысының құны 670 млн болатын 2 Фок салуға мемлекеттік сараптамадан рұқсат аламыз, оған қаражат бөлінді. Дене шынықтыру және сауықтыру кешендері 11 шағын ауданда, жаңа мектептің жанында орналасады. Сондай-ақ, 2024-25 жылдары 11 шағын ауданда стадион салуды көздеп отырмыз. Футбол алаңдары, жүгіру жолдары мен жеңіл атлетика аймағы болады”,– дейді әкім.

Рудный қаласында спорттың 63 түрі, оның ішінде 26 олимпиадалық түрі дамыған. Балалар мен жасөспірімдер екі спорт мектебінде 1783 бала спортпен шұғылданады. Дене шынықтыру және спортпен қала халқының жартысына жуығы, яғни 57 мыңнан астам адам айналысады.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ирина Бурнаеваның айтуынша, Рудный қаласының спортшылары күннен-күнге жақсы нәтижелер көрсетуде. Республикалық деңгейде күткен көрсеткіштерден де асып түсіп, жүлделі орындарды иеленуде.

“Спортшыларды марапаттау үшін мүмкіндік беріп, қаржылай  қолдаған қала басшылығы мен қалалық мәслихат депутаттарына алғысымды білдіремін. Мұндай іс-шара спорты жаңадан бастаған, сондай-ақ қаланың намысын кәсіби деңгейде көтеретін спортшылар үшін жақсы ынталандыру”,– дейді ол.

Дзюдодан Азия Кубогының иегері Жансая Ерқуанышева спортты кішкентай кезінен бастаған. Ол қазақ елінің туын көкке көтеру мақсатым деп санайды.

“Дюздо спортымен 5 сыныптан бастап айналыса бастадым. Биыл 11 жыл болды. Спорт денсаулық кепілі. Спорт мамандығында 2 курс студентімін. Осы саланы жан-жақты меңгеріп, еліміздің байрағын биіктен көрсеткім келеді”,–дейді Жансая.

Іс-шарада Халықаралық және республикалық жарыстын, облыстық “Целина-2023” жазғы спартакиадасының, ұлттық спорт түрлерінің Х-облыстық фестивалінің және облыстық “Денсаулық шаңғысы-2023” шаңғы спорты фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, спорт жаттықтырушылары саламатты өмір салтын насихаттап, дене шынықтыруды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Қазақ күресінің жаттықтырушысы Руслан Ибраев спорттағы еңбектерін бағалап жатқандарға алғысын білдірді.

Диана БАТЫРБЕК

Суреттерді түсірген

Бейбіт Мейрамұлы

Рудный қаласы

Жаңалықтармен бөлісу