Сақтық шараларын ескермей жолға шыққан жолаушыдан тағы бір заң бұзушылық анықталды

Сақтық шараларын ескермей жолға шыққан жолаушыдан тағы бір заң бұзушылық анықталды

Ауа температурасы төмен болғандықтан, облыстық және республикалық маңызы бар жолдар жабылған еді. Алайда, Меңдіқара ауданының аумағында 26 бас ірі қара малын тасымалдаған КамАз жүргізушісінің полиция бекетін айналып өтпек болған қулығы жүзеге аспады. Ол Қостанай-Введен бағытындағы кюветтердің біріне көктайғақ салдарынан түсіп кеткен.Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға болған жерге көмекке барды.

“Жүргізушісі мен тиелген ірі қара мал дін аман. Тасымалдау құжаттарын тексеру кезінде тәртіп сақшылары заң бұзушылықтарды анықтады. 11 бас ірі қараға берілген  анықтаманың мерзімі өтіп кетіпті. Жиналған материал сот талқылауына, ветеринарлық инспекцияға жіберілді”, – дейді облыстық полиция департементі баспасөз қызметінің өкілдері.

Полицейлер жүргізушіге көмек көрсетіп, таңертеңге дейін жүк көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Таңертең көлік кюветтен аман-есен шығарылды.

 

Жаңалықтармен бөлісу