Елімізде алдағы үш тәулікте ауа райы қалай болады?

Елімізде алдағы үш тәулікте ауа райы қалай болады?

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облыстарында жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады, бірақ аяз біртіндеп төмендей бастайды. Арктикалық антициклонның орталығы Қазақстанның шығысында орнатылады, осыған байланысты мұнда төмен, аязды температура сақталатын болады. 15-16 желтоқсанда елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі, боран, таулы аудандарда тұман, республиканың батысында  бұрқасын күтіледі.

Түнде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: батыста 5-15 аязға дейін, солтүстік-батыста және орталықта 10-25 аязға дейін, солтүстікте 17-28 аязға дейін, оңтүстікте 5-18 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 10-25 аязға дейін, Қазақстанның шығысында 30-40 градус аяз сақталады.

kazhydromet.kz

Жаңалықтармен бөлісу