Жарылыстан аман қалған науқастардың жағдайы туралы ақпарат жарияланды

Жарылыстан аман қалған науқастардың жағдайы туралы ақпарат жарияланды

Кеше Қостанайда жүк автомобильдерін жөндеуге арналған бір қабатты ғимарат жарылғаны белгілі. Қазір қалалық ауруханада төрт адам жатыр. Зардап шеккендердің барлығы қажетті медициналық қызметпен қамтамасыз етілді. Қалалық аурухананы бас дәрігері міндетін атқарушы Владимир Шатерников науқастардың хал жайы жайында айтып берді.

­–Бізге түскен төрт науқастың үшеуінің жағдайы жақсы, ал біреуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Олар 30-40 жас аралығындағы азаматтар. Олар толық жазылғанша жатады. Денелерін 1-2 дәрежеде күйік шалған. Жамбастары сынған. Қазір дәрігерлер тарапынан ем алуға қажеттінің бәрі жасалып жатыр. Травматология бөлімі толық, бірақ ол көктайғаққа байланысты емес. Кезекті ем алып, өзге де жағдайда келіп түскендер ем алуда. Біз кеше келгендердің бәрін де орналастырдық. Енді науқастар кезең-кезеңімен ем алады. Аязда көп жатып қалмаған, тез арада ауруханаға жеткізілген, – дейді бас дәрігер.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу