Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевтың жаңа қызметке тағайындалғанына 100 күн толды. “Аталған мерзім ішінде Ерлан Әлімбайұлы не істеді, алдағы уақытқа жұмыс жоспарлары қалай, жаңа әкімнің бет алысы қалай?” деген сұрақ ел арасында міндеті түрде қойылуы мүмкін. Осыған орай аудан әкімінің жүз күнде атқарған істеріне шолу жасап көрген болатынбыз.
Ерлан Жаулыбаев қызметке тағайындалған күні-ақ халықтың әл-ауқатымен танысуды бастап кетті. Алдыменаудан орталығын жаяу аралаудан бастады. Басты назарда ауылды абаттандырудағы кемшіліктерді немесе жағымдыістерді өз көзімен көріп, инфрақұрылымның кейбір мәселелері бойынша бірден шешім қабылдады. Өйткені, аудан орталығы – сол өңірдің бет-бейнесі іспепті, ол үлгілі болуы тиіс, сондықтан жұртшылық Қамысты ауылына қарап, жергілікті биліктің жұмысын бірден бағалайтыны белгілі.
Бұдан бөлек, ауданмен жіті танысу үшін ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесулеріне жалғасты. Ауыл халқы өздері проблемалық мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынды. Өйткені, дәл осындай іс-шараларда сіз жауапты адамдардың дайын баяндамаларынан гөрі жағдай туралы көбірек біле аласыз.Әр ауылға барған сапарында сол аймақтағы түрлі нысандарды аралап, қарапайым жұмысшылармен, диқандармен, түрлі сала қызметкерлерімен кездесіп, оларды толғандыратын мәселелерді көзбен көріп, өз бақылауына алады. Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.