Бүгін түске таман Қостанай қаласы Амангелді елді мекеннің Энергетиктер к-сі 1 мекенжай аумағында газ-ауа қоспасы жарылып, оқиға салдары бір қабатты ғимараттың толық құлауына алып келді. Үйінділердің астында 7 адам қалды деген болжам айтылып отыр.
Зардап шеккен аймаққа облыс әкімі Құмар Ақсақалов барып, жағдайдың жай-жапсарын білді.
Дәл қазір жедел штаб жұмысын жалғастыруда.