Ауыл мектебінің оқушылары тәлімбақта дәрілік және балды өсімдік өсіруді қолға алды

Ауыл мектебінің оқушылары тәлімбақта дәрілік және балды өсімдік өсіруді қолға алды

Бүгінде Қарабалық ауданындағы Бозкөл мектебінің шағын тәлімбағына 3 мыңнан аса біздің аймақта сирек кездесетін дәрілік және балды өсімдіктер отырғызылған. Ересектердің өзіне ондағы бұталы тұшақурайды, леспедецияны, ақ және уссурий қарағанын, казак аршасын, барбарис пен сахалин бамбугын анықтау қиынға соғады. Ал мектеп тәлімбағында волонтер болып жүрген 40-тан оқушыға оларды күтіп-баптау үйреншікті кәсіп.
Оларға Қарабалық ауданының орманшылық өкілдері, «Neсo» экология клубы мен «Бал-Ара» республикалық Қазақстан омарташылар одағының өкілдері қолдау білдіріп отыр. Ал «Жасыл мектеп» эко-конкурсында мектепке білім ордасының ауласын үздік абаттандырғаны үшін 650 мың теңге көлемінде сертификат берілді.

«Білім – бұл тек сабақта ғана емес, адамның табиғаттың бір бөлігі мен өмір мектебін ұғынуында. Келешекте тәлімбағымызда көшеттер санын 7 мыңға дейін арттырып, мектеп дендрарийін құруды жоспарлап отырмыз. Балалар мен олардың ұстаздарында тәлімбақтың жанынан омарташылық мектебін ұйымдастыру жоспары да жоқ емес. Бәрі ойдағыдай болатынына сенемін!», – дейді Мектеп директоры Юрий  Алфутов.

Балалар алдағы уақытта өсімдіктердің жаңа түрлерін отырғызуға дайындалып жатыр. Көктемде тәлімбақ тұт, емен, талшын, шомырт, шырғанақ, көк шырша, долана, ақ және виргин мойылы секілді өсімдіктермен толықпақ.

Жоғары сынып оқушылары сөзбен емес, туған өлкенің экологиялық проблемаларын іспен шешуді жөн көреді, өздерінің болашақ өмір жолын, болашақ кәсібіне осылайша даңғыл жол салмақ.

«Біздің тәлімбақ, біздің мектеп бізге теориялық білім беріп қана қоймай, сонымен бірге болашақта керек болатын практикалық тәжірибе беріп жатыр. Алған білімнің арқасында осы әлемді жақсы жаққа өзгертуге болады», – дейді  білім ордасының тоғызыншы сынып оқушысы Балауса Ахметова.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

 

Жаңалықтармен бөлісу