Қостанай облыстық ПД мәліметінше, облыс аумағында жыл басынан бері 395 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 80 адам қаза тауып, 542-і жарақат алған. Ал 4 желтоқсанда 47 жол апаты болды, оның 26-сы Қостанай қаласына тиесілі.
Материалдық шығын зор болғанымен, адамдардан зардап шеккендер жоқ. Апаттың негізгі себебі – күн айының нашарлауы, жауын-шашын салдарынан болған көктайғақ. Республикалық маңызы бар “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” Р-36 және “Жезқазған-Петропавл” А-16 “Қостанай-Мамлютка”, М-36 “Екатеринбург-Алматы” және А-22 “Қостанай-Қарабұтақ” тас жолдарында және облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың жекелеген учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қала маңындағы жолдарды жабу үшін 57 патрульдік полиция экипажы жұмылдырылды. Жүргізілген профилактикалық шаралардың, сондай-ақ жолдардың уақтылы жабылуының нәтижесінде жол апаты құрбандарын болдырмауға мүмкіндік туды. Полиция департаменті жүргізушілерге ТЖМ ескертулеріне құлақ асуға, алыс жолға шықпауға, жылдамдық режимін және автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтауды, жаяу жүргіншілерге жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды, – деді жол қозғалысын қадағалауды ұйымдастыру тобының аға инспекторы, полиция майоры Водим Исаев.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ