Құрылыс компаниялары тұрғын үйлердің терезелеріне арнайы қорғаныс механизмдерін орнатуға міндетті болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
Атап айтқанда, бүгін Мәжілісте білім беруге қатысты қабылданған заңда кішкентай балалардың тұрғын үй терезелерінен құлауына жол бермеу тетіктері қамтылған.
Бұл тұрғыда заңда аясында құрылыс компаниялары терезелерді арнайы қауіпсіздік механизмдерімен немесе құлыптармен қамтамасыз етуге міндеттелді.
«Білім беру ұйымдарында бұл жұмыс іске асырылып жатыр. Қазір осы проблема тұрғын үйлердегі қауіпсіздікке қатысты. Сондықтан балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен құлап жатыр, мұндай қайғылы оқиғалар жиілеп кетті. Біз заң шығарушы билік болғаннан кейін, тиісті нормаларды енгіздік. Осы норма бойынша құрылыс салатындар тұрғын үйлердің терезелерін арнайы қорғаныс тетіктерімен қамтамасыз етуі тиіс. Яғни тұрғын үй салынған кезде осы талаптар назарға алынады», – деді депутат Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.