Қазақстан 1 трлн теңгеге жуық активті қайтарды. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
«Активтерді қайтару жұмысы қабылданған заңға сәйкес қатаң іске асады. Бұл қадамдар Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан реформа аясында жалғасып жатыр. Активтерді қайтарудың екі жолы бар – ерікті және мәжбүрлі. Мәжбүрлі қайтару сот шешіміне сәйкес жүргізіледі. Осы заңның қолданылуы аясына қамтылатын адамдарға тоқталса, бұл кісілер – әкімшілік ресурсты пайдалана отырып, активтерді заңсыз иемденгендер», – деді Ә. Смайылов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Осы орайда қазір қанша қаражат қайтарылғанын нақтыланды.
«Қазір 1 триллион теңгеге тарта актив қайтарылды, оның 600 миллионға жуығы шетелден алынған», – деді Үкімет басшысы.