Мол тәжірибе алаңы

Мол тәжірибе алаңы

Бүгінгі жас ұрпақ – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Еліміздің тілін, әдебиетін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін білетін ұрпақты тәрбиелеу, білім беру ұстаздың қолында. Еліміздің мұғалімдері ендігі кезекте шағын жинақтық мектепте білім беру әдістемесі мазмұнында курстарды оқып, біліктіліктерін көтеруде. Өзім де алғаш рет осы курстың лекторы ретінде шақыртылғандықтан, осы тақырып бойынша қалам тербеп отырмын.

Мемлекетіміздің ұйымдастырған педагогтердің біліктілігін арттыру курсы халықаралық стандартқа сай білім берудің қадамы. Осындай үлкен жаңашылдықтын көшбасшысы болғаныма өте қуаныштымын. Мен Қостанай қаласындағы «Өрлеу біліктілікті арттыру орталығында» 16 қазан-27 қазан аралығында «Шағын жинақтық мектепте біріктірілген сынып комплектілерінде оқыту әдістемесі» атты 80 сағаттық 2 апталық курста Өрлеу біліктілікті арттыру институтының кафедра меңгерушісі Ғалия Сапарбекқызы мен Жданов жалпы білім беретін мектебінің директоры Садыкова Асель Асылханқызының қолдауымен, бағыт-бағдар беруімен алғаш рет осы курсты лектор ретінде жүргіздім. Мен осы курсқа келгенімде әрине жүрегімде аздаған қорқыныш, тренерлік жұмыстан тәжірибем аз болғандықтан ба, өз-өзіме деген сенімсіздік, түсініксіздік, қалай болады деген сұрақтар көп болды.

Курстың бірінші күндері де қобалжулар болды. Бірақ уақыт өте келе осы қорқыныш, сенімсіздіктің бәрі жоғалып, айқындалып отырды. Себебі, алдымда қанша жылдық еңбек еткен тәжірибелі ұстаздар мен меннен үміт күтіп отырған институт әкімшілігі, меннен жаңаша бағыт-бағдар, жаңа идеялар күтіп отырған жас мамандарды көргенде, үлкен жауапкершілікті істі мойныма алғанымды түсіндім. Осы тренерлік алғашқы жолда көп нәрселерді түсініп,өзімде көп тәжірибе жинақтадым. Барынша ұстаздарды әрбір дәріс, семинар сабақтар сайын жаңашылдыққа, шығармашылыққа, жан-жақтылыққа, кәсібилікке шақыруға тырыстым. Әрбір өткен семинар, көшпелі-тәжіриелік сабақтар болмасын мен үшін үлкен тәжірибе алаңы болды.

Шағын жинақтық мектепте оқыту әдістемесінің басты ерекшелігі-оқушы санының аздығы, жас ерекшелін ескеру керек екені, сондай-ақ, функционалды сауатты, патриот, жауапты, көптілді, жасампаз және сыни ойлайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын, өмір бойы оқуға қабілетті, өз білімін өз бетінше үйлестіре білуін дамыту болып табылаатын тұлғаны тәрбиелеу-мына біз ұстаздар қауымының міндетін екенін түсіндіру.

Шағын жинақталған мектептердің оқу тәрбие үрдісін жетілдіру, дамыту үшін мұғалімдердің педагогикалық іскерлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау керек. Олармен әдістемелік жұмыстарды әдіскер – мұғалім – әдістемелік бірлестік үш бірлігін сақтай отырып жүргізген тиімді. Сондықтан шағын жинақталған мектепке институт қабырғасынан шыққан жас маман екі класты қатар оқыту практикасынан өтпеген, оның әдістемесін толық меңгермеген болып келеді. Сол себепті шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне мектеп жұмысын терең де мазмұнды жоспарлауға нұсқау беріп, білім берудің жаңа технологияларымен жұмыс жасауға бағыттаған жөн. Әдістемелік көмектер беру үшін сабақтарына тікелей қатысып, әдістемелік талдау жасап, жекеше және топтық, ауызша және жазбаша кеңестер берген дұрыс болады. Шағын жинақталған мектептерді тұрған орындарына қарай топтастырып, «Әдістемелік күндер» өткізу тиімді. Әдістемелік күнде ашық сабақтармен қатар теориялық баяндамалар да қойылып, тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға болады. Шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің шеберлігін шыңдаудың тағы бір жолдары – шағын жинақталған мектеп мұғалімдері үшін сайыстар, байқаулар, бір пәндік немесе бір тақырыптық панорамалық сабақтар сайысын, имитациялық ойындар өткізу. Мұғалімдерге пәрменді әдістемелік көмектер ұйымдастырып, білім берудің жаңа технологияларын шағын жинақталған мектептер практикасына ендіре отырып, білім беру мен білімнің сапасын көтеріп, оқушының белсенділігі мен ізденісін арттыра аламыз.

Мұғалімдердің жаңашылдық (инновациялық) белсенділігі қалыптасып, жоғары шығармашылыққа ұмтылады, интелектуалдық белсенділігі жоғарылайды. Еліміздің жер көлемі ауқымды. және халқы сирек орналасқан. Қазір ауылдық жерлерде бала саны, мұғалім, сынып саны аз шағын жинақталған мектептер (ШЖМ) саны артуда.. «Аз комплектілі мектеп» ұғымына ҚР «Білім туралы» Заңында (1 бап 23 тармақ): «Шағын контингенті қосарланған сынып комплектісі және оқу сабақтарын ұйымдастыруға өзіндік ерекше үлгісі бар жалпы білім беретін мектеп» – ретінде қараған. Олай болса, аз комплектілі мектептің жұмысында да ерекшелік мол, проблемасы көп, бірақ бұл мектептерді жауып тастауға болмайды. Бір мезгілде әртүрлі жастағы оқушылардың бір бөлмеде отырып білім алуы мұғалімге, оқушыға да оңай тимесі анық. Кәсіби шебер ұстаз ғана бұл қиындықты жеңеді. Қазір мұндай мектептердің басым бөлігі аудан орталығынан шалғай орналасқан мекендерде.

Ал мектептер болса, қазіргі ауылдық жердегі оқушы ғана емес, ауыл тұрғындары үшін де мәдениет орталығы болып отыр. Пән мұғалімдерінің жетіспеуі немесе жүктеменің аздығы салдарынан шағын мектептерде бір мұғалімнің бірнеше пән бойынша сабақ беруіне тура келеді. Біріктірілген сыныптарда мұғалім бір мезгілде екі сыныпқа қатар сабақ өткізеді. Осыған байланысты әр сыныпқа жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім сабақ уақытының белгілі бір бөлігін ғана жұмсай алады. Мұндай біріктірілген сыныптардағы сабақтарды ұйымдастыру кез келген мұғалімнен, әсіресе жас мамандардан шығармашылық ізденісті, кәсіби жоғары шеберлікті талап етеді. Мұның өзі шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында сабақ өткізуде мұғалімдерге әдістемелік көмекші болатын құралдардың қажеттілігін туындатады. Шағын жинақталған мектептердің проблемалары жетерлік. Әсіресе, бастауыш және негізгі мектептердің жағдайы маз емес. Материалдық-техникалық базасы төмен деңгейде. Арнайы жабдықталған пәндік кабинеттер, зертханалармен жабдықталмаған . Көрнекі құралдар жоқтың қасы. Интернет желісі қосылған ауылдар өте сирек десе де болады. Кітап қоры мүлдем жеткіліксіз. Арнайы дайындалған кадрлар тапшы. Бір пәннің мұғалімі бірнеше пәннен сабақ беруіне тура келеді. Мұның үстіне, бала саны аз болғандықтан сыныптар топтастырылып сабақ өтетіндігін ескерсек, оқушының бағдарламаны толық меңгеріп, жан-жақты, дұрыс білім алуына қиындық туғызады. Сондықтан, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес мұғалімдер белсенді оқу стратегияларын қалай тиімді пайдалану керектігін курс барысында, топтық жұмыстарда талқыладық.

Белсенді оқу, интербелсенді оқыту барысында мұғалімдер сынып оқушыларын оқу үдерісіне қатысуына жағымды ахуал қалыптастыра алатын мол мүмкіндігінің барына көзім жетті. Дәлірек айтқанда оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде анық, қарапайым тілді пайдалану. Жаңаша оқытатын ұстаздар алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып, топтық, жұптық, жеке жұмыстарға оқушыларды ұйымдастыру болып табылады. Сондай-ақ, ШЖМ-те оқыту үдерісінде тыңдаушылар арнайы бір пәндік және бір тақырыптық қысқа мерзімді жоспардың жасалуын талқылап, жақсы ұйымдастыра білді. Мұғалім сабақ үстінде оқытады, дамытады, тәрбиелейді. Сабақтың сәтті шығуы сабақты дұрыс жоспарлағанға байланысты. Осы екі апталық курста бағдарламаны, пән бойынша оқу жоспары бойынша пікірталас жүргізіп, бағдарлама бойынша тыңдаушы ұстаздар біріктірілген сыныптарға қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыруды үйренді және түрлі заманауи әдіс-тәсілдер мен танысып, оны практикада қолданып, түрлі электронды платформалармен жұмыс жасады. Белсенді оқу әдістері, саралап оқыту, критериалды бағалау түрлері бойынша соңғы күні сабақ жоспарын жоба ретінде қорғады. Тыңдаушылардың бір-бірімен тез тіл табысуы және біліктілігі мен икемділігі бір-бірімізге жақындата түсті. Бір–бірімізге қолдау көрсету арқылы әрқашан қиындықтан шыға білуге ұмтылдық. Біріміздің білмегенімізді бірімізге айтып, түсіндіріп, бірігіп жұмыс жасау барлық курс ұжымының басты міндеті болып саналды. Осы курсқа келген күндерім менің өмірімдегі маңызды күндер деп айтуыма болады. Өйткені қаншама өзіме қажетті мәліметтер алып, өз іс тәжірибемнің өзгеруіне, білім саласына көзқарасымның өзгеруіне ықпалын жасаған ШЖМ –де оқыту бағдарламасы идеясымен танысу – мен үшін үлкен жаңалық болды деп айтуыма болады.

Күн сайын топ мүшелерін ауыстырып отырудағы мақсат- әріптестермен жақын танысып,бірігіп, ұжымдаса жұмыс жасау болды. Оқу барысында әр мұғалім бұрын байқамаған өзінің жақсы қабілеттерін ашты деген ойдамын және де мен өзімнің шығармашылық қабілетімнің барын айқындадым.

Курстың соңғы аптасында өзіме алғашқы қойған сұрақтарыма осы курстың арқасында, және де өзімнің шығармашылығымның, күн-түн демей ғаламтор желісін ақтарып, түрлі әдіс-тәсілдерді зерттеп, оқып, өзіме жауап алдым.

Сонымен бірге қаншама әріптестеріммен таныстым, қанша адам болса, сонша көзқарас, сонша пікір болатыны белгілі, сол әріптестерімнен өзіме қажетті қаншама тәжірибелер жинақтадым. Әр күні жаңалықтар мен жаңаша көзқарастарға толы ұстаздар өмірінің тағы бір белесін жаңа ғасыр өзі белгілеп берген секілді.

Оқушылар дайын білімге емес, өз бетімен білім алу арқылы сол білімді өмірде қолдана алады. Оқулықпен ғана шектеліп қалмай, ақпаратты жан-жақты іздестіріп, алынған ақпаратты шығармашылық жолмен талдай отырып білім алады. Ал мұғалім болса, өз кезегінде оқушыға ақпаратты іздестіру жолдарын ұсына отырып бағдар береді. Сол кезде сапалы білім алуға мүмкіндік туады. Алдағы уақытта осы оқудан оқып үйренгенімді педогогикалық тәжірибемде кеңінен қолдана отырып, әр оқушының пәнді түсінуін құрылымдау қажеттілігін ойластыра білетін, көзқарастарымды білім мен тәжірибеде қалыптастыратын, оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты орната алатын, теориялық білімі мен түсінігімді қалыптастыратын мұғалім болу арқылы оқушыларға өз бетімен сындарлы білім беріп, жеке тұлға қалыптастырамын.

Қазақстанның болашағы ол жастардың қолында, ал жастардың ұлтжанды, білімді болып өсуіне мұғалімнің атқаратын қызметінің маңызы зор. Сондықтан жас ұрпақты тәрбиелеуде талмай еңбек етіп, білімді тәжірибемен ұштастырып, жұмыс жасау қажет деп ойлаймын. Ал өз кезегінде осы курс мұғалімдерге педогогикалық іс-тәжірибесін шыңдауға көмегін тигізеді деген ойдамын.

Қай кезеңде болмасын әркез ұстаздар – жаңалық жаршысы болып алда жүретіні белгілі. Бар жаңашылдық ең алдымен жас ұрпақтан басталып бой көтереді. Олай болса, ұстаздар қауымының көтеріп отырған жүгі әр кезде де ауыр сонымен қатар қызықты да қызғылықты. Білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс –тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу деймін. Курс барысында жұппен және топпен жасалған жұмыстарда пікір білдіру, сыни тұрғыдан ойлану, қызу талқылулар орын алды.

Адам оқыған сайын өзінің білмейтіні әлі де бар екендігін осы жүргізген курста түсіндім. Себебі бұл курс мен үшін өте қажеттілігі бар және кәсіби деңгейімді көтеруде үлкен көмек бола білді.

Сонымен қатар, курсқа арналған бағдарлама мен мұғалімге арналған нұсқаулықты қызығушылықпен оқитын болдым. Әріптестеріммен тәжірибе бөліскен уақытта бірінші аптасында алған біліміміздің қаншалықты құнды екенін түсіндім.

Әлеуметтік ортада құзырлы ұстаз болып, оқушының жан дүниесін түсіне білуді, оның өзін-өзі танытуды үйретуге мүмкіндік берген ең біріншіден- Тәуелсіз елімізге, халқыма ризашылығым шексіз.

Осы бағытта қызмет атқарып, оқушыларымның өмірінде табысқа жетуі мен өз жолын тауып, беделді, құрметті тұлға болуында менің де үлесім тисе- мен үшін бақыт.

Келешекте дидактикалық бағытым- оқушыларға арнап тілдерді оқытатын орталық ашып, ұжым құрып, олардың мақсаты мен міндетін дұрыс белгілеуді үйретіп, балаларды өздігінен жұмыс жүргізуге, әр баланың дамуы мен ерекшелігін есепке алу, психологиясын сезе білу, оған әсер етудің тиімді тәсілдерін іріктеуі арқылы іске асыру болады.

Құрметті, Өрлеу біліктілікті арттыру орталығының ұжымы- сіздерге алғысым шексіз, сіздерге алдағы уақытта жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар мен жарқын болашаққа сенімділік пен қуанышпен аттауларыңызды тілеймін! Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Айман Ғабдуахитова,

Жданов ЖББМ

ағылшын тілі

пәні мұғалімі,

педагог-сарапшы.

Қостанай ауданы

Жаңалықтармен бөлісу