Смарт телефонға негізделген бекіту құралы қызметті онлайн режимінде таратуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта “Цифрлық полицей” жобасы аясында 227 патрульдік полицей жаңа кеуде бейнетіркегіштерін алды деп хабарлайды облысытық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
“Жаңа жетондар ыңғайлы, жинақы және бейне, аудио бекіту құралдарымен жабдықталған. Артықшылықтардың бірі-олардан алынған сурет жедел басқару орталығына шығарылады және кез келген уақытта сіз қызметкердің бағытын ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету сапасын да бақылай аласыз”, –Қостанай қаласы Полиция басқармасының бастығы Болат Иманов.
Айта кету керек, бұл құрылғылардың қуаты тез толады және көпке шыдайды. Жазу полиция нарядының барлық жұмыс уақытында жүргізіледі, зарядтау үшін портативті Power bank қарастырылған.
–Жол көлік оқиғаларын ресімдеу, отбасылық-тұрмыстық жанжалдар және басқа да жағдайларға байланысты өтінімдерді орындау кезінде полицейлер даулы сәттерге тап болып жатады. Бейне жеке құрамды жанжалды жағдайларда әрекет ету алгоритмін талдап, көрсету үшін пайдаланылады. Тіркеушілер жұмысының маңызды сәті – жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқық қорғау қызметтері қызметкерлерінің этикалық нормаларды сақтауы, – деп түсіндірді Қостанай қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Марат Сахратов.
Полицейлердің тіркеушілерді қолдануы құқық бұзушылардың өзін де тәртіпке келтіреді, әсіресе қызметкердің заңды талаптарына бағынбау жағдайында аса пайдалы.
Алдағы уақытта Қостанай облысының патрульдік полициясы мен учаскелік полицейлері осындай Тіркеушілермен 100% қамтылатын болады.