Қостанайлықтар театр фестивалінен олжалы оралды

Қостанайлықтар театр фестивалінен олжалы оралды

І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры Азамат Шөкеев биылғы маусымның ашылуымен таныстырар сәтте өнер ұжымының Атырау қаласына сапарлайтын айтқан еді.

“Қараша айында Атырау қаласында Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай театрлар фестивалі болады. Өнер додасына Ілекең театры “Алжир” спектаклін апарғалы отыр”, – деген еді өнер ордасының жетекшісі.

Міне, сол театрлардың шығармашылық қарымын танытатын беделді іс-шара да өз мәресіне жетті. Онда еліміздің әр шалғайынан барған 7 театр бағын сынады.

Театрдың көркемдік жетекшісі Баатырбек Шамбетовтың хабарлауынша, Атырау қаласында өткен Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған театр фестивлінде “Алжир” спектакліміз “М.Өтемісұлы атындағы арнайы жүлдесіне” және “Екінші пландағы әйел бейнесі” номинациясын Жібек Үсенова иеленді.

Фестивальге халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов (қазылар алқасының төрағасы), қазақ театр өнеріндегі белгілі тұлғалар – театртанушы Амангелді Мұқан, драматург, ұстаз Асылбек Ихсан, театр суретшісі Гүлнар Қанапина және актриса Гүлнар Жақыпова қазылық еткенін айта кетейік.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу