Арқалықта киік еті саудаға шығарылғалы жатыр  

Арқалықта киік еті саудаға шығарылғалы жатыр  

Арқалық қаласының бюджеті биыл шамамен 17 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 %-ке өскенін көрсетеді.Бұл туралы Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов  Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтып берді.

“Ауыл халқының табысын арттыруға арналған «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасы аясында 24 адамға 35 млн теңгеден астам жеңілдетілген несие беріліп, 25 жұмыс орны ашылды. Агроөнеркәсіптік кешенде жалпы құны 2 млрд 500 млн теңгеге жуық қаражатқа 100-ден астам жұмыс орнын құрумен 4 инвестициялық жоба іске асырылуда”, – деді Әмірхан Асанов.

Құрылыс саласында 9 млрд 500 млн теңгенің жұмысы жүзеге асқан. Қала тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мақсатында 2 млрд 190 млн теңгеге 7 жоба іске асырылып жатыр . Арқалық қаласының су құбыры желілерін реконструкциялаудың 1-кезеңі аяқталады. Ашутасты және Аңғар ауылдарында ұзындығы 51 шақырымнан асатын су құбыры желілерінің құрылысы желтоқсан айында тапсырылмақ.

“Тұтынушыларға сапалы жылумен жабдықтау үшін осы жылы 3 жоба іске асырылуда. Алғашқы кезеңде ұзындығы 7 шақырым болатын жылу желілерін жаңарту жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта құрылыс кезінде бүлінген учаскелерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде”, – деді әкім.

Тері өнімдерін өңдейтін «Үміт» ЖШС –нің әлемдік геосаяси жағдайға байланысты жұмысын тоқтап тұрғаны белгілі. Серіктестік жұмысын жандандыру үшін өзге де инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Әкім мәселені жыл соңына дейін біржақты болатынына сендірді.

“Осыған байланысты, тері қабылдау пункті де жұмысын тежеуге мәжбүр болып, консервацияланып тұр. Ал, ет комбинаты «Торғай ет» ЖШС киік етін қабылдаушылар қатарына еніп, өңдеу жұмыстарын бастап жатыр”, – деді Әмірхан Асанов.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу