«Қостанай таңының» оқырмандарына арналған ұтыс ойынында Арқалық қаласындағы мыңға тарта оқырмандарымыздың ішінен Жалғызтал ауылының тұрғыны Үкіжан Жанзақова «Сосновый бор» шипажайына берілер жолдаманы ұтып алып, жеңімпаз атанды.
Жалғызтал ауылының әкімі Олжас Исатайұлы Қожықовтың тапсырмасымен жұбайы Венера Серікбайқызы марапатты өз қолымен алып, ұтыс иегеріне тапсырмақшы.
Үкіжан Жанзақованың облыстық газетті жаздырып келе жатқанына жаңа жылда тура жиырма жыл болады екен.
«Әртүрлі хабар-ошар, жаңалықтарды осы «Қостанай таңы» басылымы арқылы біліп отырамыз. 2004 жылдан бергі тұрақты оқырманымын», – дейді Үкіжан Жанзақова.
«Қостанай таңы» газетінің Директор-бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы Арқалық қаласынан қатысқан ұтыс иегері Ақкүміс Келденнің сыйлығы құлаққапты да Венера Серкібайқызына табыстады.
«Арқалық қаласындағы оқырманымыз Данабек Торғайбайұлына ақшалай сыйлық аударылды. Үшінші жеңімпаз ұзынкөлдік Нұрбала Тіленкеноваға тиісті құлаққапты немересі Асылжан алып кетті. Ұтыс иегерлерімен тығыз байланыстамыз. Әлі де сыйлық иегерлері келуде», – дейді осы жобаның үйлестірушісі Балжан Медебаева.
Алдағы 2024 жылы Республика күні қарсаңында ұтыс иегері боламыз десеңіздер, қазіргі уақытта газетімізге жазылу жүріп жатыр. Бір жылға жазылған оқырман автоматты түрде «Қостанай таңының» ұтыс ойынына қатысады.