“Жол қозғалысы қауіпсіздігі” апталығы аясында 50-ден астам полиция қызметкері қан тапсырды.
–Біздің көптеген қызметкерлер – тұрақты донор. Жол-көлік оқиғасының құрбандары үшін қан қоры осылай қалыптасады, – дейді жергілікті полиция басқармасының бастығы Мақсұт Ералиев.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкері Айнұр Рамазанованың қаны сирек кездесетін төртінші топтан. Ол тұрақты донорлар тізімінде. Акциялар аясында ғана емес, шұғыл қажет болғанда қан тапсыруға әрдайым дайын.
–Мен үшін мұқтаж адамдарға көмектесу маңызды. Жол көлік оқиғасы кезіңде жиі шұғыл түрде қан керек болып жатады. Ал қажетті топтағы қан қорда болмай жатады, – дейді Айнұр.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жыл басынан бері облыста 370 жол көлік оқиғасы орын алып, 510 адам зардап шекті. Сондықтан жүргізушілердің жолдарда мұқият болуы және қырағылығын жоғалтпауы өте маңызды.