Бүгін М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ-де «Қазақстандағы өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника үшін дуальды білім беру Erasmus+ жобасының финалдық конференциясы басталды. ⠀
Конференцияға қатысып жатқандардың арасында шетелдік Нови Сад университеті (Сербия), JOANNEUM қолданбалы ғылымдар университеті (Австрия), Баден-Вюртемберг кооперативтік мемлекеттік университетінің (Германия) өкілдері бар.
Қазақстандық жоғарғы оқу орындарынан Инновациялық Еуразия университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті белсенділік танытуда. Жоба бойынша ҚИнЭУ-дің негізгі серіктесі – «СарыарқаАвтоПром» ЖШС. «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, білім беру ұйымдары және өңірдің кәсіпорындары осы конференцияға мықтап атсалысуда. ⠀
–Жобаның мақсаты– өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника саласындағы бар олқылықты толтыру және ынтымақтастық арқылы Қазақстанда халықаралық бағдарланған дуальды оқытудың тұрақты бағдарламасын әзірлеу, – деп атап өтті М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ ректоры Арман ИСМАИЛОВ. – Жоба командасы қойылған міндеттерді өте жақсы орындағанына сенімдімін. Біз білетіндей, дуальды оқыту немесе шәкірттік – бұл жұмыс орнында оқытудың бір түрі. Еуропалық дуалды жүйенің негізгі жетістігі-тығыз әлеуметтік серіктестік.
Қазақстанда кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарының өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу бойынша әлі де үлкен жұмыс күтіп тұр. Біздің жоба-осындай ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға қосқан үлесіміз. ⠀
– Бұл іс-шара – жобаның қорытындысын шығару, – деп түсіндіреді М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ халықаралық ынтымақтастық және жобаларды енгізу орталығының басшысы Жанат ЖАБАСОВА. – Жобаның нәтижелері әсерлі.
Қатысушылар өзекті бағытта – «Робототехникалық жүйелер» бірлескен дуальды – білім беру бағдарламасын әзірледі. Барлық үш қазақстандық ЖОО-да жабдық сатып алынды. Жоба бірегей зертханаларды ашуға мүмкіндік берді.
ҚИнЭУ-де бұл «Мехатрондық жүйелердің автоматика және басқару жүйелері» зертханасы (Allur space құрамына кіреді). ⠀
Erasmus + Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова ҚИнЭУ-ді қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға және ұлттық білім беру жүйесінің пайдасына жаңа жобаларды жүзеге асыруға шақырды. ⠀
Конференция жұмысы үш күн ішінде өтеді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ