Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында “Русатом Халскеа” АҚ Бас директоры Игорь Обрубов азық-түлік қауіпсіздігі туралы панельдік сессияның ең көрнекті спикерлерінің біріне айналды.Оның айтуынша, бейбіт атом сыйға тартқан технологияларды тек энергетикада ғана емес, кеңінен қолдануға болады. Бірінші кезекте олар медицина қызметіне келді.
“Кеше Ресей президентімен кездесу өткізіліп, балалар онкологиялық орталығын ашты. Онкологияға қатысты мәселелерді талқылауға көп көңіл бөлді. Бүгінде ядролық медицинаны дамыту үшін “Русатом” көп нәрсе жасайды – изотоптық өнімдер, радиофармпрепараттар шығаратын зауыт. Ресей Федерациясында және шетелде, соның ішінде серіктес мемлекеттерде ядролық медицина орталықтары түрінде инфрақұрылым салуды көздейді. Қазір біз осындай орталықтың құрылысын Қазақстанда да талқылап жатырмыз”, – деді форум қатысушыларына Игорь Обрубов.
Иондаушы сәулелендіру өнім мен тұқымды сақтау үшін де қолданылады. Обрубовтың пікірінше, бұл әртүрлі химиялық қосылыстарды қолданудан гөрі, оларды өңдеудің экологиялық таза әдісі. Сонымен қатар, тамақ өнімдерінде қалдық радиациясы жоқ екені көпжылдық тәжірибелермен тексерілген. Аталған өңдеу әдісі қазіргі таңда жан-жақта өте белсенді қолдау тапты.
“Біз бүгін өз орталықтарымызда азық-түлік қаптамасын бұзбай, өнімді сақтау жағдайына әсер етпейтіндей өңдеуге мүмкіндігіміз бар. Оны кез келген түрде, демек, төмен мұздатылған, жылы, суық, өз қаптамамызда өңдей аламыз. Химиялық заттардың әсерінсіз іс жүзінде қашықтықтан өңдеу жүріп жатыр”, – деп атап өтті спикер.
Оксана ЛУКАШ