Жүніс Мұрат Бекетұлы

 

Облыстық “Қостанай таңы” газетінің Арқалық қаласы бойынша меншікті тілшісі

1966 жылы 23 желтоқсанда Қостанай облысы Жанкелдин ауданының Көкалат ауылында дүниеге келген. 

1985-1987 жылдар аралығында Отан алдындағы әскери борышын өтеді. Білімі – жоғары. Режиссерлық курсты бітірген.

Журналистік еңбек жолын 1993 жылы Торғай облыстық «Торғай таңы» газетінен бастаған. 

1995 жылы облыстық «Торғай теледидарына» қызметке келді. Газетте аға тілші, теледидарда комментатор деңгейіне көтерілді. 2004-2012 жылдары Арқалық қалалық теледидарында бас редактор болып қызмет істеді. 

2013 жылдың 3 қаңтарынан бері облыстық «Қостанай таңы» газетінің Арқалық қаласындағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келеді.

Дүниежүзілік «Қазақ тілі» құрылтайының бесінші шақырылымына қатысушы. Республикалық, облыстық жыр мүшәйралардың жүлдегері. 

2007, 2009 2012 жылдары Арқалық қаласының мәдениет ошақтарында шығармашылық кештері өткен. Еңбек жолында ҚР Президентінің,  «НұрОтан» (Аманат) партиясының Алғыс хаттары және Қазақстан Журналистер Одағының, облыс, қала әкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.