Желтоқсан айының орта шеніне дейін еліміздегі 1000 білім беру ұйымында «PISA-based Test for Schools халықаралық зерттеуі өтеді.
Онда оқушылар өздерінің білім алу процесі мен жетістіктері туралы құнды мәліметтерді ұсынулары қажет. Зерттеу еліміздің барлық аймақтарындағы 54 мыңнан астам біл алушыларды қамтиды. Науқанға 15 жастағы оқушылар ғана қатыса алады.
Бұл зерттеу дәстүрлі әдіснамаға негізделгенін айта кетейік. Мектептің білім беру жетістіктерінің жан-жақты көрінісін қалыптастыра отырып, оқу, математика және жаратылыстану ғылымдары сынды функционалды сауаттылықтың негізгі дағдыларын бағалайды.
Қостанай қалалық білім бөлімі