2023 жылғы 5 қарашада өткен Қостанай облысы Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандары және Рудный қаласының әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 5 қарашада өткен Қостанай облысы Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандары және Рудный қаласының әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 5 қарашада Қостанай облысы Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандары және Рудный қаласы әкімдерінің сайлауы өтті.Сайлаушылар тізіміне 135198 азамат енгізілді. Дауыс беруге -65896 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 15, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 629қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны -15.

Әкімдерінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Алтынсарин ауданы бойынша

Оразбаев Г.Ә. үшін сайлаушылардың 291 дауысы берілді,

Сартов А.М. үшін сайлаушылардың 3809 дауысы берілді.

Сейдахметов Б.К. үшін сайлаушылардың 534 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 221.

Денисов ауданы бойынша

Ғапбасов А.Т. үшін сайлаушылардың 785 дауысы берілді,

Қатпаев Р.Ж. үшін сайлаушылардың 5197 дауысы берілді.

Сақтаганов Т.С. үшін сайлаушылардың 842 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 427.

Қарабалық ауданы бойынша

Жәкіжан М.М. үшін сайлаушылардың 840 дауысы берілді,

Кинтонов М.Б. үшін сайлаушылардың 987 дауысы берілді,

Халыков Р.Б. үшін сайлаушылардың 9434 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 271.

Федоров ауданы бойынша

Асқаров Д.Қ. үшін сайлаушылардың 1232 дауысы берілді,

Исабаев Т.Қ. үшін сайлаушылардың 8773 дауысы берілді,

Орынбасаров А.О. үшін сайлаушылардың 756 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 9.

Рудный қаласы бойынша

Ионенко В.Н. үшін сайлаушылардың 26260 дауысы берілді,

Петрухно Д.В. үшін сайлаушылардың 2232 дауысы берілді,

Устинов М.Н. үшін сайлаушылардың 1098 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 917.

Сайлау қорытындылары бойынша аудандарының әкімдері болып сайланды:

Алтынсарин ауданы – Сартов Арнұр Маратұлы, 1987 жылы туған, Алтынсарин ауданының әкімі, Алтынсарин ауданында тұрады. Еңбек жолын Ақмола облысы Көкшетау қаласының “Агромашхолдинг” АҚ сату бойынша менеджері болып бастаған. Қостанай ауданы әкімінің аппаратында бас маман, кейін бөлім басшысы; Федоров ауданы әкімінің орынбасары, Алтынсарин ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Денисов ауданы – Қатпаев Руслан Жоламанұлы, 1979 жылы туған, Денисов ауданы әкімінің орынбасары, Денисов ауданында тұрады. Еңбек жолын 1999 жылы Қостанай қаласында “Покровка” ЖШС бас экономисті, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары болып бастады. Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында бөлім басшысы, кейін басшының орынбасары; “Қостанай Су” МКК жетекші маманы; Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы және Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Қарабалық ауданы – Халыков Руслан Болатұлы 1987 жылы туған, Қарабалық ауданының әкімі, Қарабалық ауданында тұрады. Еңбек жолын 2009 жылы Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған. Әр жылдары Алтынсарин, Қарабалық, Қамысты аудандары әкімдерінің орынбасары қызметін атқарды. Сайлауға дейін Қарабалық ауданының әкімі қызметін атқарған.

Федоров ауданы – Исабаев Тауба Қаиржанұлы, 1967 жылы туған, Федоров ауданының әкімі, Федоров ауданында тұрады. Еңбек жолын 1985 жылы Целиноград облысы Селетин ауданы “Селетинский” совхозының қызметкері болып бастаған. Әр жылдары Қостанай, Федоров аудандарының әкімі қызметін атқарды.

Рудный қаласы – Ионенко Виктор Николаевич, 1970 жылы туған, Рудный қаласының әкімі, Рудный қаласында тұрады. Ол өзінің еңбек жолын 1992 жылы Таран ауданы Николаевский совхозының машина-трактор паркін пайдалану инженері болып бастаған. 1993 жылдан-прораб, одан кейін Таран ауданының “Монтажник” АҚ директоры; “Қостанайсельхозстроймонтаж” АҚ Таран филиалының бастығы. Әр жылдары Денисов, Меңдіқара, Қарасу аудандарының әкімі, Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Рудный қаласының әкімі қызметтерін атқарды.

 

Қостанай аумақтық сайлау комиссиясы

Жаңалықтармен бөлісу