“Тобыл” екі дүркін кубок иегері

“Тобыл” екі дүркін кубок иегері

Футболдан Қазақстан кубогының финалында Қостанайдың “Тобылы” шымкенттік “Ордабасы” командасына қарсы ойнады.Ойынның алғашқы бөлігінде есеп ашылған жоқ. Екінші таймда алаңға шыққан Ислам Чесноков кездесудің 68 минутында есепті 1:0-ге жеткізді.

Ислам ортадан пас алмасқан Евгений Шахов пен Игорь Ивановичтің керемет комбинациясын тамаша голға айналдырды. Допты берген – Игорь Иванович.

Осылайша, “Тобыл” футбол клубы араға он алты жыл салып, еліміздің екі дүркін кубок иегері атанып отыр. Осы жеңісінің арқасында келер жылы болатын еуро кубок ойындарының екінші кезеңіне жолдама алды.

Жаңалықтармен бөлісу