Кенеттен болған апат: Адам шығыны жоқ

Кенеттен болған апат: Адам шығыны жоқ

Арқалық-Торғай  тас жолының  алпысыншы шақырымында  Газель маркалы автокөліктің өртенгені туралы хабар келіп түсті.
Балалардың спорттық жарыстарына қатысу үшін кетіп бара жатқан колонна құрамында осындай төрт автокөлік, 90 бала болған. Жүргізуші мен оқытушылардың шұғыл әрекеттерінің арқасында балалар жанып жатқан өрттен құтқарылды.

Олар қалған 3 көлікке орналастырылып, колонна құрамы жолды жалғастырды.
Балалардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 7 адам  2  техникамен  жетті.

Төтенше жағдайлар департаменті автокөлік иелеріне жолға шығар алдында көлік құралындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және көлік құралының техникалық жай-күйін тексеруді тағы ескертеді.

ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Жаңалықтармен бөлісу