Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік тіл –қазақ тілінің маңызы барған сайын айқындала түсіп, бұл саладағы түйіткілді мәселелер өзінің оң шешімін тауып келе жатқаны сөзсіз. Әскердегі тілдік ортаны қалыптастыру бір қарағанға оңай шаруа емес. Кешегі кеңестік заманнан әбден орнығып, қалыптасып қалған әскери сөздер, әскери терминдердің барлығы орыс тілінде болғаны белгілі. Әскердегі тілдік қарым-қатынас та негізінен осы тілде жүргізілді. Еліміз егемендігін алып, төрткүл дүниеге тәуелсіз мемлекет ретінде танылып, қасиетті ана тіліміз – мемлекеттік тілге айналған кезде, әскер тілін қазақ тілінде қалыптастыруға, дамытуға, басымдық беругетүбегейлі бетбұрыс жасалды.
Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Осынау тәуелсіздігіміздің тұғыры бекіп, еліміз еңсесін көтерген тұста мемлекеттік тілдің мәртебесі үшін біраз ауқымды істердің атқарылғаны анық. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің дамуына жан-жақты қолдау көрсетіліп, қажеттілік артып келеді. Осы уақыт аралығында тіл мәселесі төңірегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарастыҚостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінде жүзеге асқан жұмыстарға тоқталып өтсем.
Бүгінгі таңда бөлімде мемлекеттік тілдің дамуына жан-жақты қолдау көрсетіліп, қажеттілік артып келеді. Сонымен қатар, бөлімде мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатыр. Бөлімдегі құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі жылдан-жылға арта түсуде, сонымен бірге, жиналыстар мен кеңестерді мемлекеттік тілде өткізу дәстүрі кеңінен қолданыс тауып келеді.
Бүгінгі таңда да біз әскери саладағы қазақ тілінің одан әрі кең өріс алып, қанатын кеңге жайып, тілдік ортаның ана тілімізде қалыптасуына мүдделіміз. Тіліміздің сарбаздардың рухын көтеріп, бойларында ержүрек батырлық қасиеттерін тәрбиелеуде атқаратын рөлі аса зор. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін білуге деген құлшыныстары да артып келеді.Қазір бөлімде мемлекеттік тілді оқыту сабақтары аптасына 2 сағаттан үш деңгей бойынша жүргізіледі, олар: бастауыш, жалғастырушы, тереңдетіп оқыту топтары.
Содан кейін өзге ұлт өкілдері арасындағы тыңдаушылар жыл сайын «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауына қатысып, алған білімдерін көрсетеді. Аталған сайыс Ұлттық ұланда бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді. Жыл сайын сайыстың талабы күшейіп, заманға сай жаңалықтар енгізіліп отырады. Тіл тақырыбы ғана емес, тарихты, салт-дәстүрді, отансүйгішті насихаттаған шараның жеке құрамды тәрбиелеуде атқарып келе жатқан рөлі зор. Биыл қыркүйек айында Алматы қаласында өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқау-сайының қорытынды кезеңі өтті. Байқауда «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс», «Орталық» өңірлік қолбасшылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Академиясы және Бас қолбасшылыққа тікелей бағынысты әскери бөлімдердің жергілікті ұлт өкілі емес әскери қызметшілері өз бақтарын сынады. Нәтижесінде «Орталық» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғаған 6697 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Кирилл Пономаренко бас жүлдеге ие болды.
2023 жылдың оқу қорытындысы бойынша Қостанай облысы бойынша 6697 әскери бөлімі 1 атқыштар ротасының маманы (бақылаушы) қатардағы жауынгер Пономаренко Кирилл Алексеевич «Үздік тыңдаушы» номинациясына ие болып, Қостанай облыстық Мәдениет басқармасы «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл –рухани қазына» атты іс-шарада алғыс хат және ақшалай сыйлыққа ие болды.
Сонымен қатар, бөлімнің офицерлері мен келісішарт бойынша әскери қызметшілерімен Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді білуге бағытталған «Мемлекеттік тіл – қызмет тілі»,«Тіл – татулық тірегі», «Наурыз – салт-дәстүрлер насихатталатын ұлық мереке» атты тақырыбында ақпараттандыру сағаттарын, мемлекеттік тілден ашық сабақтары өткізіліп келеді. Сондай-ақ Қазақстан халқы тілдері күнін тойлау құрметіне орай Қазақстан халқы Ассамблеясымен, «Алтын дән» мәдениет үйінің көркемөнерпаздары, «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығы, тарихи-өлкетану мұражайы, Ы.Алтынсарин атындағы мұражай, Л.Толстой атындағы кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп «Тілге құрмет – елге құрмет» акциясы аясында өткізілетін ісшаралардың мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған ісшаралардың тәрбиелік мәні қашанда зор деп есептеймін.
Әскер – ел қорғаны. Сарбаз елін қорғау үшін рухты болуы керек. Ал рухты болуы үшін өз ана тілінің қадірін білуі керек. Ол үшін бөлімдегі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен апта сайын қазақ халқының ұлы ақындары мен жазушыларының мерейтойларына орай әдеби, тақырыптық кештер, ауызша журнал, викториналар және т.б. танымдық ісшаралар өткізіліп тұрады.
Бөлімдегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге қатысты іс-шаралар жоспарланды. Соның бірі, 2024 жылдан бастап мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және бірлескен жұмысты одан әрі жандандыру мақсатында өзара ынтымақтастық шеңберінде меморандумға отыру жоспарланды.
Қорыта айтқанда, әрбір әскери қызметші үшін Отан ұғымы қаншалықты маңызды болса, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі де соншалықты маңызға ие болуы тиіс.
Жанар Ибрагимова,
майор
Қостанай қаласы