Білікті дәрігер жайында бірер сөз

Білікті дәрігер жайында бірер сөз

Үшінші классты әрең бітіріп келген жылы, өзімді бір саты жоғары қойдым. “Ара” жорналын жүргізіп оқитын шамам бар еді. Аудандық “Жаңа өмір” газетінің бетін парақтап Ақшығанақтың озат шопандары жайлы оқыдым…

Екінші бөлімшенің қай жағы болсын, ең шетінде менің әкем отыратын. Керемет болмағанмен дархан көңілі мен кең дастарқаны тарлық көрсетпей, үнемі қонақ үзілмейтін. Бөлімшенің мамандарының бірі нағашы, бірі бауыр, бірі құрдас, әйтеуір “қарға тамырлы қазақпыз” деген сөз менің әкем үшін айтылғандай еді.

Солардың бірі, “құтты қонақтың” бірі Белгібай әке еді. Белгібай әкенің кескін келбеті ер жігіттің сырбазына келеді. Әкеммен қатар болғасын ба, совхоздың бас маманы болып тұрса да әзілі жарасып, көңілдері шаттыққа бөленіп, емен жарқын сөйлесіп тұратын.

Атынан түсіп келіп, көрпеңнің үстінде көсіліп жатып, барлық жағдайыңды сұрап: “Енді менен қандай көмек керек?!” дейтін кісілердің бірі еді…

Ол кезде адам баласы сұрапыл табиғатты да, соғыс секілді құбыжық қиянатты да жеңіп келіп, бәрінен аман қалып, бір-біріне мейіріммен қарайтын уақыт еді. Содан ба,Түйешібай Қабден Сопал, Мірке Абихан секілді шопан әкелеріміз дархан даланың майда самалындай маңдайыңнан сипап, бөлімшедегі жүз адам болсын, екі жүз адам болсын бәрін бірдей көріп құшағына алатын кезі. Бүгінгі әңгімемде Сол Белгібай әкенің ұлы, адам жанының арашасы, “Құрмет” орденінің және “Алтын дәрігер”, “Шапағат ” төсбелгісінің иесі, “Қазақстанның құрметті азаматы” Азамат Мағзұмов туралы айтпақпын.

Жастайыннан өмірдің қиындығын бастан кешкен жігіттің Гераклит айтқандай: “тылсым дүниеге ақыл-ойымен барлау жасап, қолында бардың бәрін адам игілігіне жұмсауға” тәрбиеленген тұлғаың өмір жолы парасатқа толы.

Азамат Белгібайұлы әкесінің қызмет бабымен ауданның төрт совхозындағы мектептерде соңында аудандағы Ыбырай мектебін бітірген Қарағанды қаласындағы мединститутты бітіріп, жұмысқа кіріскен жылы ардақты әкесі қайтыс болып 24 жасында төрт інісі мен екі қарындастарының қасында ” әке орынына әке болып” қалады. 1981 жылы Торғай облыстық ауруханасының бас дәрігері Дайыр Асылбеков кенеттен шақырып алып, сенің жақсы дәрігер болатындығыңа сенімім мол маған орынбасар боласың дегенде “, – адам өмірімен тікелей айналысатын дәрігерлер ұжымын басқарудан тайсалғандығы шығар, бас тартып: ” басшылыққа тәжірибем жоқ ” дегені бар.

Әйтпесе, “Жаратқанның өзі бойыңа берген қабілетті халқыңның игілігіне жаратсаң, жан сарайыңды шаттық пен қуаныш билейді” деген әке сөзін ұмыта қойды дейсің бе ?

Өзінің тәжірибесі аз болғанмен, білімі мен ізденімпаздығы, адам жанының арашасына лайықтылығы бола тұра, Гипрократ айтқандай: “Дәрігердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолдары жұмсақ” бола тұра, “Ашылғанына он жылда толмаған Торғай облысының медицина саласын өркендетуге үлес қоспасам, кім болғаным?!” деп ойлап та үлгірді.

Жанары жаутаңдап келген сырқаттың дертін емдесем де мына ұжымды басқарып, елдің алдындағы борышымды өтеуім керек шығар. Осы замандануға үлесімді қосуым қажет деп Дайыр Есім ұлының өтінішін қабылдаған, қабылдамасқа шамасы да болмаған. Себебі маманның жетіспеуі мен заманауи қондырғылар, лабораториялық анализаторлардың жоқтығы дәрігерлік қызмет көрсетудің еңсесін түсіріп, етегінен тартуда. Азамат Белгібайұлы бір сөзін де: “1981 жылдың ақпан айынан бастап, Торғай облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқардым. Осы жұмысқа келгеннен бастап, ұлағатты адамдармен таныстым. Мен, алғашқы қадамымнан-ақ әр қызметкелерге ниетімнің түзулігін дәлелдеуге ұмтылдым”, – деп бастады. –”Қағазбастылық, планерка, конференция, семинарлар өткізу, емдеу мекемелерінің жұмысын тексеру, мамандар дайындау, аурухананы дәрі дәрмек, құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, медицина мекемелерінің айлық, жылдық есептерін қабылдап Денсаулық сақтау министрлігіне апарып тапсыру сияқты бітпейтін істерге араласып кеттім. Дайыр Есімұлы білімді, қатал, көріп білгені көп, тәжірибелі, тілді басшы еді. Ол кісіден көп дәріс алдым, кейінгі жұмыстарымда ол кісімен бірге қызметтес болған кездегі алған тәлім-тәрбием көп көмектесті. Сөйтіп, мен басшылық қызметке қалай кіріп кеткенімді сезбей қалдым. Бірақ мен бұған өкінбеймін, кейінірек алған тәжірибем жұмысты таза, сапалы істеуге, халықтың мұң- мұқтажын тыңдап, сұраныстарын шешіп, адал қызмет істеуге септігін тигізді Өмірдің бар даналығын уақыттан үйренесің деген рас екен”, –дегені тағы бар еді.

1990-1994 жылдары Арқалық қалалық орталық аураханасының бас дәрігері қызметін атқарды.

Сол кездегі Арқалық қаласы атқару комитетінің басшысы В.Мейстер шақырып, “осы жұмысы тұралап қалған, артта қалған, сырқаттардан арызы көп, коллективтің тәртібі нәшар, халыққа денсаулық көрсету көрсеткіштері төмен осы мекемеге басшы болып келіп бәрін ретке келтіріңізші”, – деп өтінген екен.1994 жылы медициналық сақтандыру деген жаңа жүйені енгізу үшін жұмыстары жүріп жатты. Үкіметтің арнайы тапсырмасымен Премьер Министрдің орынбасары И . Тасмағанбетов Арқалыққа келіп, Торғай облысы бойынша жаңа жүйе бойынша істеліп жатқан жұмыстардың бәріне көңілге қонбайтынын нақтылап айтты. Бірақ жалғыз Арқалық қалалық орталық ауруханасының жұмысына жақсы баға берді. Бұл баға отызға толмаған Азамат Белгібайұлының еңбегінің бағаланғаны еді.

Азаматтың иегіне көтеріп жұмысты алып кетуіне, дәрігер мамандығын игеруіне беделді дәрігерлер Асқар Байжұманов, Шайхыслам Әбдірахманов, Еркін Алпысов, Салықбек Мусин, Жарасбай Жүнісов, Мырзабек Қапанов, Жамила Мушкенова, Шымберген Әбдіғалиев сияқты аға-апаларымыз ақылдарын айтып, қатесін түзеп, қолтығынан демеп кезінде көмектерін аямады.Осы тәжірибиелі дәрігерлердің ақылымен және өзінің ізденімпаздығымен Азамат Белгібайұлы, барлық сәтсіздіктердң алып тастап, орынына дәрігерге тиесілі нәзіктік пен парасаттылыққа ауыстырды.Сөйтіп ұжым ішіндегі сыйластық бірлікке айналды.Коллективпен бірігіп, бір жылдың ішінде ауруханаға күрделі жөндеу жасап, сырқаттардың емделулеріне жақсы жағдай туғызды. Жарты жылдың ішінде берілген көрсеткіштер бойынша қаладағы басқа медицина мекемелерін артқа тастап, алғашқы орынға шықты. Азамат Белгібайұлының, өзінің қарамағындағы дәрігерлерге беделді, құрметті болу себептерінің бірі, ұлттық минталитетті жоғары қоюымен, ұлттық намысты алға қойғандығы.

Арқалық қаласында 1993 жылы Наурыз мекересін тойлау кезінде, кигіз үй тігіп, “Емшілер ауылы” ауылы болып бағалы сыйлық алды. Кейін Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен қала әкімдігі екі нива автокөлігін ауруханаға сыйлыққа берді.

Осылай жұмысты жандандырып қызмет істеп жатқан кезімізде 1997 жылы облысымызды қайта жауып тастады. Елді, ұжымды қимай, басқа жаққа шақырса да бармай әртүрлі жұмыс істеді.

Заманың өзінің өзгерісі ме, болмаса маңдайына жазылған бақ па, Азамат Белгібайұлы 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментіне бірінші орынбасар болып барды. Ол лауазымда біраз ауқымды жұмыстар істеп, 2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Кардиологиялық орталығына бас дәрігер болып тағайындалды. Жаңа ашылған Кардиологиялық орталықта да тер төгіп, тынбай еңбек етуге тура келді. Ашық жүрекке ота жасау жаңа үйреніп оқып келген, бұрын тәжірибесі жоқ жас дәрігерлерге оңай болмады. Бұны да қолға алып жеңе білді. Астанадан, Қарағанды, Алматыдан жоғары білікті, тәжірибелері мол кардиохирург, ангиохирург тағы басқа мамандарды шақырып, шыңдала білді. Дәрігерлерімізді кезек-кезегімен Америка, Германия, Жапония, Оңтүстін Корея, Израйл, Италия, Швейцария, Россия, Литва, Сингапур, Франция сияқты жоқары дамыған елдердің медициналық орталықтарына жіберіп оқытып, шеберліктерін жетілдіріп отырды. Соның нәтижесінде дәрәгерлеріміз жүрекке Коронографиялық тексеру, жүрек тамырына стенд қою, электрокардиостимулятор қою, ашық жүрекке операция жасап қолқа тәж тамырларын тұйықтау /АКШ/, электрофизиологиялық /ЭФИ/ тексеру жасау, радиожиілік тексеру /РЧА/ сияқты тағы басқа күрделі операцияларды толық меңгерді. Орталықта қан тамыр хирургия бөлімшесін, ревматология, оңалту бөлімдерін ашып халыққа кардиологиялық, кардиохирургиялық, қан тамыр хирургиялық көмектің қол жетімділігін арттырып, сапасын жақсартты. Осы кардиологиялық көмектің қол жетімділігінің арқасында жүрек ауруынан өлім-жітім облысымызда 2009 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге азайды. Жүректің жіті инфарктісімен ауру 2,4 есе, одан өлім 3,7 есеге төмендеді.

“Бақыт дегеніміз жан тыныштығы мен ішкі еркіндік, халықтың арасындағы тез өткен күндер” депті халық даналығы. Осы 45 жыл қызмет еткен Азамат Белгібайұлы да бақытты осылай бағалайды. Жұбайы екеуі екі ұл, бір қызды өмірге әкеліп, олардан он немере сүюде. Балалары оқыған, біреуі Алматыда, екіншісі Астанада қызмет етеді, қызы тұрмыста, жұмыста.Үлкен немересі – Ділназ өзінің жолын қуып дәрігер боламын деп, Алматыда Асфендияров атындағы мемлекеттік медициналық университетте 4 курста оқуда. Енді немерелерінің жеткенін көріп, бұйыртса солардың қызығын көруді құдайым нәсіп етсін.

 

      Кәдірбек Жолпатұлы

 

 

Жаңалықтармен бөлісу