Қостанайда «Менің полициям» республикалық байқауына қатысушыларды тіркеу басталды

Қостанайда «Менің полициям» республикалық байқауына қатысушыларды тіркеу басталды

Бұл байқаудың дарынды балаларды қолдап, өз отбасына, еліне деген сүйіспеншілігін  оятуға септігі мол. Олардың полиция қызметіне деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ішкі істер органдарының оң имиджін қалыптастырады.

Ереже талаптары бойынша 9 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың, “Менің әкем – полиция қызметкері”, “Бала – бас жолаушы”, “Есірткіге жол жоқ”, “Полиция – қауіпсіздік тірегі” және “Мектеп қауіпсіздігі” тақырыптарында эссе жұмыстары мен желіге дайындаған бейне материалдары қабылданады.

Конкурстың бағалау кезеңінде комиссия мүшелері қатысушылардың жұмыстарына талдау жүргізіп, жеңімпаздарды анықтайтын болады.  Эсселерді бағалау кезінде жұмыс көлемі баланың жасына қарай (9 – 11 жас – 100-120 сөз, 12-15 жас –120-150 сөз) ескеріледі.

Байқаудың үздік жұмыстары ҚР Ішкі істер министрлігіне жолданып, ведомстволық БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланады. Байқау қорытындысы бойынша “Менің полициям” балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздарына жүлделер табысталады.

Өтінімдер мен жұмыстар 2023 жылдың 25 қарашасына дейін қабылданады.

Дарынды баланың шығармашылығын полиция департаментінің баспасөз қызметінің электрондық мекенжайына жолдау қажет dvdkostanay@mail.ru немесе 8-775-644-47-37 нөміріне (WhatsApp).  Жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Облыстық полиция департаменті

Жаңалықтармен бөлісу