ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ауруханаға барып, зардап шеккен кеншілердің жағдайын білді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ауруханаға барып, зардап шеккен кеншілердің жағдайын білді

Қазіргі уақытта Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада зардап шеккен 20 кенші қажетті ем алуда. Олардың басым бөлігі газбен уланған, алайда барлығының жағдайы – тұрақты.

Кеншілердің бірі қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына қандай көмек көрсетілетіні туралы сұрады.

«Бұл – шынымен де өте ауыр қасірет. Қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамыз. Бүгін Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасыларына қажетті қаражат бөлу туралы тапсырма берді. Толығымен қолдау көрсетеміз: баспана, несиелерді өтеу, балаларды оқыту, біржолғы төлемдер – мұның барлығымен қамтамасыз етеміз», — деді Премьер-Министр.

Хабар 24 kz

Жаңалықтармен бөлісу