Көрмеде көшпелі мәдениетінің жан-жақтылығын, оның табиғатпен тығыз байланысы көрсетілген. Республика мерекесіне орай ұйымдастырылған көрменің ашылуына қала тұрғындары мен 6697 әскери бөлімі 2-ші атқыш ротасының әскери борышын өтеуші сарбаздары шақырылды.
Келушілер назарына қостанайлық Н.Кудинов, Б.Ахметбеков, А.Жүзбай, Г.Шаповалов, О.Яблочкин және И.Вальтер атты фотосуретшілердің жұмыстары ұсынылды.
Сондай-ақ, Жітіқара қаласындағы қор жинау мен көрмені ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамтамасыз ету бөлімі, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Отанымыздың көрнекті саяси қайраткерлері бейнеленген «Менің Қазақстаным» кітап инсталляциясымен толықтырылған көрмені және Қазақстан қалаларының көрікті жерлерінің панорамалық суреттерімен бірлескен бөлек көрмесі де ұсынылған болатын.
Қашанда жоғары сапалы суретке түсіру үшін ерекше білім және жұмысқа деген құштарлығы болуы тиіс.
Көрермендердің фотосуреттер арқылы ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлерін, ауыл өмірінің көріністері мен дәстүрлі қолөнерін тамашалауға мүмкіндік болды.
Іс-шарада көрме қонақтары бірігіп суретке түсіріп, экспонаттармен оңаша танысу мүмкіндігіне ие болды.