Сарыкөлдік ұтыс ойынының жеңімпаздарына ішкі саясат бөлімінің басшысы Абай Жүсіпов пен Сорочин ауылы әкімдігінің бас маманы Светлана Бергер «Қостанай таңының» сәлемін жеткізіп, кезекті сыйлықтарды табыс етті.
Сорочин ауылының тұрғыны Лида Шиба «Тобыл» футбол клубының жамылғысы мен арнайы күрішкесін иеленді.
Тағыл ауылының тұрғыны Нұркенов Сейітке 10000 теңге берілді.
Сейіт ақсақал газетімізден ескі тарихи материалдарды іздеп жүріп оқитынын айтады.
Ал 20000 теңгені иеленген Зейнеп Өтемісова Темириязов ауылында елу жылдан бері тұрады. Өзі сол жерде тігінші болған.
«Бұрын отағасы үнемі “Қостанай таңын” жаздырып алып тұрды. Кейін осы дәстүріміз отбасымызда жалғасып келеді», – дейді Зейнеп Нұртайқызы.