Қайырымдылық жасау адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Жан-жағыңа, ағайын-туысқа жәрдемдесіп, көмек беру ата-бабамыздан келе жатыр.
Алтынсарин ауданында қайырымдылық көмек көрсетіп жүрген ірі кәсіп орындары бар. Атап айтар болсақ, бүгінде өзінің 25 жылдық қызметін атап өтіп жатқан «INKAR» компаниясы фармацевтикалық өнімдердің тұтынушыларын қажеттіліктері мен талаптарын қанағаттандыруға бағытталған. 25 жыл ішінде «INKAR» компаниясы өзін клиентке бағытталған, күшті компания ретінде көрсете білді.
«Кең болсаң кем болмайсың» деген қағидаға сай келгендей. Компания иелері түрлі бағыттағы қайырымдылық шараларын өткізіп тұрады. Халықтың әлеуметтік осал топтарына, көп балалы аналар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға көмек көрсету, жабдықтар сатып алу, балалар үйлерінде және мүгедек балаларға көмек көрсету орталықтарында мерекелік іс-шаралар өткізу, қарттар үйлеріне жабдықтар сатып алу, Қазақстанның зейнеткер-құрметті фармацевтеріне құрмет көрсету
сияқты маңызды шараларды іске асыруда. Сондай көмектің бірі ауданның 8 отбасына бұйырды. Ауданның түрлі аймақтарында тұратын отбасыларға азық-түлік корзинасын табыстаған етті.
Алтынсарин ауданы