Қостанайда жаңа қонақ үй салынады

Қостанайда жаңа қонақ үй салынады

Бүгін облыс әкіміне туризм саласындағы жаңа инвестициялық жоба — «Hilton Garden Inn» премиум-класты қонақ үйінің құрылысы таныстырылды.

“Қостанайға осы үшін арнайы келген Ресей және ТМД елдеріндегі Hilton дамыту жөніндегі директоры Алексей Шаталов Hilton Worldwide корпорациясына тиесілі 123 елдегі 7 мың отельден тұратын халықаралық желісінің жұмыс істеу принциптері туралы жеткізді” деп хабарлады бұл туралы Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев ресми парақшасында.

140 қонақ жайдан тұратын осы отельде мейрамханалар, конференц-алаңдар, фитнес-зал, SPA кешені және т.б. жұмыс істейтін болады. Hilton Garden Inn — бұл 1,8 га аумақта Триатлон саябағының жанында орналасқан 4 жұлдызды бес қабатты заманауи отель. Триатлон саябағын абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобалары — кіреберіс жол, автоматты суару жүйесі, жарықтандыру, көптеген спорт алаңдарын салу — жаңа бизнес-идеялары бар инвесторларды тарту үшін негіз жасауда.

Қостанайда әлемге әйгілі брендтің қонақ үйін салу жобасы облыс орталығына ғана емес, бүкіл өңір үшін инвестициялық тартымдылыққа қуатты серпін беретініне сенім бар.

Қазіргі таңда жобаны іске асыру ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан қолдау тапты. Жобаның бастамашысы «BTS PETROLEUM» ЖШС 2025 жылы өз қаражаты есебінен құны 4,5 млрд. теңге болатын отель құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.

Жаңалықтармен бөлісу