Ұлттық мерекеде көк туымыз көтерілді

Ұлттық мерекеде көк туымыз көтерілді

Бүгін Қостанайда Республика күніне орай еліміздің басты рәміздерінің бірі, көк байрағымызға құрмет көрсетілді.

Философ ғалым, ұстаз, этнограф, марафоншы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қалқаман Жақып пен әлем чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, 4 құрлық чемпионатының чемпионы, Қазақстан Республикасының 15 дүркін чемпионы,  Денис  Кузин Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімін жасады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды.

Қалқаман Хасенұлы Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы, тәуелсіздік қай елдің болмасын басты игілігі, баға жетпес құндылығы екенін атап өтті.

“Тәуелсіздігіміз баянды болсын, елімізде бейбітшілк пен келісім салтанат құра берсін!”, – деген ақ тілек, батасын берді.

Дәл қазір қысқы спорт түрлерінің бірі хоккейден әуесқойлар арасында жарыс өтіп жатқанын айта кетейік. Осы орайда Денис Кузин өңірімізде қысқы спорт түрлерінің көбейіп, басшылық тарапынан назар аударылып жатқанын тілге тиек етті. Мемлекеттік тудың жарыс жолында спортшыларға ғажайып рух сыйлайтынын тебірене айтты.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу