Құрметті жерлестер сіздерді еліміздің әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймын!Өз кезегінде, осы жыл ішінде қандай өзгерістер болғанын атап өткім келеді. Біріншіден, ол менің қоғамдық өмірімдегі ең маңызды оқиға – мемлекет басшысының «OТБАСЫ HELP» отбасылық терапиясы авторлық жобама берген бағасы. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің ұйымдастырған «АРУАНА» байқауының, «Әйелдер мен балалар құқығын қорғау саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша марапатталдым. Мен үшін бұл маңызды оқиға, сонымен қатар қоғам мен мемлекет игілігі үшін жаңа жобаларды іске асыруда шабыт береді.
Жуырда ғана Қостанай облысы әкімінің өкімімен облыс бойынша балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті өкіл болып тағайындалдым. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың ол өте маңызды жұмыс, сонымен бірге күрделі және жауапты сала. Бұл бағыттың жақсы жұмыс істеуі үшін мен, облыстың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге дейін қолдан келгеннің бәрін жасаймын.
Жалпы қоғамдық өмірімде басқа да белсенді, жақсы және жағымды сәттер көп болды деп айтуға болады. Мен мемлекетіміздің игілігі үшін жұмыс істеуге әрқашан дайынмын. Маңызы зор мерекелердің бірі – еліміздің Республикасы күнімен құттықтаймын! Бұл күн – ата – бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн.
Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. Осы салтанатты күні баршаңызға игілік пен бақыт, бақ – дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты болсын! Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземін.
Несібелі Бәсенова,
Қазақстанның құрметті заңгері