Биыл елімізде бірқатар саясиәлеуметтік, экономикалық өзгерістер орын алды. Наурыз айында Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Парламенті Мәжілісі мен әртүрлі деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, кезектен тыс сайлау өтті. Аталмыш саяси науқан жаңа қағида бойынша ұйымдастырылғаны баршаға белгілі.
Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады. Жүйелі шаралардың нәтижесінде елімізде алғаш рет бірнеше жаңа саяси партия тіркелді. Тәуелсіздік тарихында мұндай жаңашылдық бұрын соңды болған емес. Саяси науқанда мен де бағымды сынап көрдім. «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының тізімі бойынша облыстық мәслихатының депутаттығына ұсынылдым. Бүгінде өзіме жүктелген сенім мен зор жауапкершіліктің үдесінен шығуға тырысудамын. Партияның жергілікті филиалында тұрақты түрде ұйымдастырылып отыратын қоғамдық қабылдау ісшарасына қатысып, азаматтардың арызшағымдарын қарастыруға, оларды уақытында шешімін табуына атсалысып жатырмын.
Осы жылдың тағы бір жаңалығы облыстық әкімдік пен «Даму» қоры бірлесіп Арқалық қаласы, Аманкелді және Жанкелдин аудандарының ШОБ субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама аясында оңтүстік аудандардың кәсіпкерлеріне жылдық сыйақы мөлшерлемесі 1% болатын несие беру қолға алынды. Облыс орталығынан төрт жүз шақырымдай қашықтықта жатқан аудандардың кәсіпкерлеріне бұл жаңалық ерекше серпіліс берді деген ойдамын. Қаржыгер ретінде аталмыш бағдарламаны өте жоғары бағалаймын. Аймақ басшысының жергілікті кәсіпкерлерге деген осынау қолдауы жаңа жобалардың жүзеге асып, қосымша жұмыс орындарының көптеп ашылуына жол ашпақ. Оңтүстік өңірлердегі кәсіпкерлік саласына арналған бұл қолдау егемендік тарихындағы маңызды қадамдардың бірі деп есептеймін.
Құрметті оқырман, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ақжолтай жаңалықтар легі жалғаса береріне сенім мол. Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Араға он үш жыл салып ұлттық мереке мәртебесіне қайта ие болған Республика күнінің маңызы зор. Егемендігіміз мәңгілік, бірлігіміз бекем болсын!
Нұрбол БАЙЗИРОВ,
Қостанай облыстық мәслихатының депутаты