Әулиекөл ауданына іссапармен барған өңір басшысы ең әуелі Аманқарағай ауылы маңында салынып жатқан балалар жазғы лагерінің құрылысымен танысты. 150 балаға арналған нысанның іргетасы биыл 1 қыркүйекте құйылған. Мердігер «My Eco Hous» ЖШС басшысы Нұржан Батталовтың айтуынша, құрылыс жұмыстары 15 қарашада аяқталмақ. Жобаға «Қазақстан халқына» қорынан 268,5 млн теңге бөлінген.
«Мұндай нысандар аса қажет. Сұраныс өте көп. Бүгінде облыста осындай он лагерь жұмыс істейді. Оларда шамамен 6500 бала демалады. Әрине, бұл аздау. Қазір Меңдіқара, Алтынсарин, Жітіқара аудандарында бос тұрған ғимараттар бар, соларды қалпына келтіру керек. Білім басқармасы аудан әкімдерімен бірігіп, әртүрлі механизмдерді қарастыруы қажет»,– деді облыс әкімі.
Жандос ЖҮСІПБЕК
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев
Әулиекөл ауданы